Аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кеткен

1 513

Фото: Видеодан скриншотҚарағандыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан автобусты күтіп тұрған әйел зардап шеккен, - деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жол апаты шамамен сағат 8:20-да Тәттімбет көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ-2111 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі KIA автокөлігімен соқтығысудан қашып, манёвр жасау барысында Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

Бұл кезде KIA жүргізушісі жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында аялдама павильонына соғылған. Онда әйел автобус күтіп тұрған.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 52 жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек тіркелді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.