Асыранды балаларға күш қолданған Зүлфия Төленова қамауға алынды
Түркістан облысында туған аға-жеңгесі 17 жыл құлдықта ұстаған Құндыз бен Назгүлді және өзге де асыранды балаларды ұрып-соғатыны анықталған тараздық қамқоршы Зүлфия Төленова қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының Полиция департаментінің мәліметінше, дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу амалдары басталған.
Күні кеше апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз қамқоршысы Зүлфия Төленованың үйінен №5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшірілген еді. Осы тұста желі қолданушылары күдіктінің қамқорлығындағы өзге де балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
Ресми ақпаратқа сәйкес, балалар медициналық қызметкерлердің тексеруінен өткізіліп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылған.







