Азық-түлік жақын арада дронмен жеткізіледі
Шіліңгір шілдеде ауа температурасы 50°C-қа дейін жететін қала тұрғындары үшін үйден шықпай-ақ салқын сусын мен балғын азық-түлікке тапсырыс беру үлкен мүмкіндікке айналып отыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Freedom SuperApp экожүйесіндегі «Азық-түлік» сервисі іске қосылып, сауданың жаңа, инновациялық форматын ұсынуда. Бұл қызмет арқылы тұтынушылар күнделікті қажетті тауарларын сатып алып қана қоймай, 26%-ға дейін кешбэк ала алады.![]()
Сервис басшыларының айтуынша, жоба тек жеткізу қызметі ғана емес, сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Кешбэк Freedom инвестициялық валютасымен есептеліп, қосымша ішіндегі басқа қызметтерге жұмсалады.
"Бізде тауар түрі өте көп. Нарықта табыла бермейтін бірегей ассортиментті тұтынушыларымызға тиімді бағамен ұсынамыз. Жұмыс қарқынына келер болсақ, қазір жеткізудің екі түрі бар: клиенттер тапсырысты 60 минуттан бастап экспресс немесе ыңғайлы уақытта алуды таңдай алады. Қоймада бір қызметкер бір уақытта 4 тапсырысты жинайды және бұған тауар санына қарай небәрі 10-15 минут жұмсалады. Қазіргі бастапқы кезеңде бірнеше ондаған адам жұмыс істеп жатыр, бірақ тапсырыс көлемі артқан сайын штатты кеңейтеміз. Күніне 200 тапсырыстан бастадық, алайда бізде қажетті алаң да, тауар қоры да жеткілікті. Сондықтан кез келген үлкен көлемге сапалы қызмет көрсетуге толықтай дайынбыз", - деді Рустам Орозалиев.
22-ші сәуірде өткен жабық таныстырылымда БАҚ өкілдері мен блогерлер сервистің жұмысымен танысты. Қоймада 20 000-нан астам тауар сақталады, олардың қатарында балғын азық-түлік, тұрмыстық заттар, балаларға арналған өнімдер мен сусындар бар. Барлық өнім арнайы температуралық аймақтарда (+2-ден -20°C-қа дейін) сақталады, бұл олардың сапасы мен балғындығын қамтамасыз еткен.
"Бүгін біз үшін айрықша күн. Шымкенттегі қоймамыздың ашылуы - бұл жаңа жұмыс орындары деген сөз. Қазірдің өзінде мұнда 120-дан астам адам жұмыс істейді және олардың барлығы осы қаланың тұрғындары. Біздің басты артықшылығымыз – тауардың алуан түрлілігі мен жылдамдық. Тапсырысты 60 минуттан бастап жеткіземіз. Біз үшін ең маңыздысы – жергілікті өндірушілермен серіктестік. Шымкентте шағын өндіріс мәдениеті, қолөнер кәсібі мен фермерлік өте жақсы дамыған. Біз жергілікті наубайханаларды, шағын цехтар мен фермерлерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Біз олардың өнімдерін тек Шымкентте сатып қана қоймай, басқа қалаларға да шығарғымыз келеді. Бүкіл Қазақстан Шымкенттің қандай сапалы әрі бірегей өнімдер шығаратынын білуі тиіс. Біз адамдардың дүкен аралап уақыт кетірмеуіне жағдай жасаймыз. Офлайн дүкендермен бағамыз бірдей. Бұл бағытты барынша күшейткіміз келеді. Жалпы, біздің жоспарымыз ауқымды: биыл Қазақстанның тағы 4 қаласында, ал келесі жылы 10 қаласында ашылуды көздеп отырмыз",- деді компания басшысы.
Жобаның басты ерекшелігі – дронмен жеткізу технологиясы. Бұл жүйе қазірдің өзінде Алматыда іске қосылған және жақын уақытта басқа қалаларда да енгізіледі. Тапсырыс беру үшін Freedom SuperApp қосымшасындағы «Қызметтер» бөлімінен «Азық-түлік» сервисін таңдау жеткілікті.
"Freedom SuperApp қосымшасы арқылы Freedom Bank картасын жылдам аша аласыз. Тіпті пластик карта күтудің қажеті жоқ, екі түртумен ЖСН мен биометриядан өтсеңіз жеткілікті. 26% кэшбек туралы айтар болсам, бұл – біздің ұзақ мерзімді лояльдік бағдарламамыз. Ол былай есептеледі: азық-түлік жеткізу сервисі өз тарапынан 16% береді, "Freedom Friends" жазылымы үшін 5% қосылады, ал қалған 1%-дан 5%-ға дейінгі бөлігі сіздің картаңыздың деңгейіне (Standard-тан Platinum-ға дейін) байланысты. Ең басты ерекшелігі – бұл кешбэк біздің меншікті Freedom валютасымен түседі. Бұл сіз жай ғана сатып алушы емес, холдингтің акционеріне айналасыз деген сөз. Кешбэкті ақшаға айналдырып, кез келген қажеттілікке жұмсауға болады, ешқандай шектеу жоқ. Қазір 5,5 миллион карта қолданушысы бар, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 8 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сәуір айының соңына дейін ашылу құрметіне 26% болса, кейін ол тұрақты түрде 25% деңгейінде сақталады",- деп нақтылады филиал директоры.
Жалпы, бұл сервис сауда мәдениетін жаңартып, тұрғындарға уақыт үнемдеуге және тауарларды жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік берген.







