Автокортеж ұйымдастырған 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылған

1 519

Фото: ©БейнежазбаданАлматыда соңғы қоңырау қарсаңында автокортеж ұйымдастырған түлектердің ата-анасы айыппұл арқалады, бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан, жасөспірімдер тобы қала көшелерімен автокортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Нәтижесінде 21 түлектің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған бапқа сәйкес, оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 2026 жылғы есеп бойынша бұл – 43 250 теңге.
Сонымен қатар көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл құқықбұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде, яғни 21 625 теңге айыппұл қарастырылған. Тәртіп бұзуға қатысы бар автокөліктер айып тұрағына қойылған. Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдары автокортеждердің, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өтетін мұндай шаралардың заңға қайшы екенін алдын ала ескерткен. Алайда кейбір азаматтар қойылған талаптарды елемеген.

«Осындай әрбір дерек бойынша полиция қатаң шара қабылдайды. Мерекелік көңіл-күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және жол қозғалысына қауіп төндіруге себеп болмауы тиіс», – делінген департамент хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.