"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірген
АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында әйел 1,5 жастағы қызын аштықтан өлтірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Oxu.Az басылымының New York Post-қа сілтеме жасап жазуынша, баланың анасы балаларға қатыгездік көрсету айыбымен қамауға алынған. Ол екі қызын бір жылдан астам уақыт бойы медициналық тексеруге де апармаған.
Балалар тек йогурт пен пюре ғана жеп келген. Тәулігіне шамамен 250 калория алған.
Кіші қыз 1,6 жаста болған, салмағы небәрі 4,5 келі тартқан. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін ол көз жұмған. Ал 3 жастағы үлкен әпкесі 7,7 келі салмақта болып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Сонымен қатар балаларда дамуында айтарлықтай кідіріс байқалған. Туыстарының айтуынша, анасы бірнеше жыл бұрын отбасымен байланысын үзген.







