Түрмеде отырып ақша бопсалаған
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан адам бостандықтағы сыбайластарымен бірге адамдарды бопсалаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Л. абақтыда отырып, бостандықтағы сыбайластарымен Петропавл қаласындағы саунада екі жәбірленушіден ақша бопсалаған. Ол қылмысқа бейнебайланыс арқылы қатысқан.
"Өзге сыбайласының телефонынан "Саша" есімімен тіркелген нөмір Л.-ға тиесілі екені және олардың арасындағы хат алмасу анықталған. Хат алмасуда қылмыстың мән-жайлары, оның іздерін жасыру әрекеттері және Л.-ға қылмыстық жолмен түскен ақшаның бір бөлігін аудару мәселелері талқыланған", - дейді сот.
Ұялы байланыс операторының деректері аталған нөмірдің Л.-ға тиесілі екенін растады. Ал базалық станцияның мәліметтері қылмыс жасалған күні телефонның Л. жазасын өтеп жүрген мекеме орналасқан аумақта болғанын көрсеткен. Ал қысым көрген жәбірленушілер банктен 300 000 және 145 000 теңге мөлшерінде қарыз рәсімдеген.
"Бірінші сатыдағы сот Л.-ға бопсалау үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Алайда түпкілікті жаза мерзімі 8 жылды құраған. Себебі жаңа қылмыстық құқық бұзушылықты ол 2011 жылғы үкім бойынша 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген кезінде жасаған", - дейді кассациялы сот.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





