Көпбалалы отбасылар жыл басынан бері 210,2 млрд теңге жәрдемақы алған

381
Қыркүйекте жәрдемақының бұл түрін 415,3 мың отбасы алды, жалпы сомасы 21,8 млрд. Теңге- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 210,2 млрд. теңгеге орта есеппен 443,5 мың отбасы қамтылды.


Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.


Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңгені құрайды.