«АЛТЫН АДАМ» спорт мектебі ашылды

1 199
Бүгін Қызылорда қаласы Шұғыла мөлтек ауданынан 500 орындық «Алтын Адам» спорт мектебі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Балалар жылы аясында ашылған  "Алтын Адам" спорт мектебінде спорттың қазақ күресі, дзюдо, таэквандо, еркін күрес, каратэ, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, спорттық және ұлттық би үйірмелері бар. Қатысушы балалардың жас айырмашылығы 4-16 жас аралығы болып отыр.  

Спорт мектебінің ашылуына қала әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов ыстық лебізін білдіріп, салтанатты түрде есігін ашты. Осы орайда,
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ашылғалы тұр. Балаларымызды шыңдайтын, ұрпағымыздың үлгілі болып Сыр елінің атын шығарады деген үлкен сенім бар. Үйірмелерге көптеп тартылғаны дұрыс. Бала болашағына үлкен ықпалы бар мектеп деп білеміз. Болашағымыз бүгіннен   қамданып, түрлі спорт, өнер үйрететін мәдени мектеп деп білеміз»,-деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нуриддинов.
Сыр өңірінің айтыскер ақыны Нұрмат Мансұров ақ тілегін жыр-шумақтарымен білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, «Алтын Адам» спорт мектебі мен қатар өнер мектебі де бар.  Ең бастысы балалар үшін ұсынылған үйірмелердің барлығы тегін жүргізіледі. Сонымен қатар жиылған жұртшылық пен қонақтар үшін арнайы дастархан жайылып, «Наурыз» көже таратылып, Ұлыстың Ұлы күні бастау алды.


                                                                                                       Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ