Мәселе қантта емес: Қазақстанда сусындар мен кондитерлік өнімдер неліктен қымбаттап кетті

330

Елімізде сүт, түрлі сусындар, кондитерлік өнімдердің қымбаттауына қатырма қағаз өндірісінің тұралауы себеп болған, деп хабарлайды   Ulysmedia.kz.




“КТК” телеарнасының хабарлауынша, биылдан бастап өндірісінде картон қолданатын кәсіпкерлердің жұмысы біршама тұралаған. Алматылық кондитер Мария Рышкованың айтуынша, картон бағасының өсуіне байланысты биыл өнімдері 15 пайызға қымбаттаған.


"Қаптама қымбаттап жатыр. Өйткені, отандық өндіріс жоқ. Өзімізде қағаз, картон, тіпті пластик те өндірілмейді. Барлығы сырттан келеді. Қаптамалардың бағасы қымбаттап жатқан соң, біз де өз өніміміздің құнын өсірдік. Құр қол жалғыз тортты ешкімге бере алмайсың. Тұтынушыларға тәтті бүлінбей жету үшін сыртында қорап болады", - дейді кондитерлік цехтың директоры Мария Рышкова.

Мәселен, торттарды қаптайтын қораптардың әрқайсысы осыдан үш ай бұрын 35 теңге тұратын. Ал, қазір мұның бағасы екі есе көтеріліп, 70 теңгеге дейін бір-ақ шығыпты. Сәйкесінше, кәсіпкерлер тәттінің құнын да шарықтатуға мәжбүр.

Картонның қымбаттағанына баспаханалар да шағымданып отыр. Жыл басынан бері материалдардың құны үштен бірге өскен, ал баға күн сайын өзгеріп жатыр.


Қазақстанға шикізат Ресей мен Қытайдан импортталатындықтан, баға рубль мен доллардың бағамына байланысты.


Қазір картон мен қағаздың кейбір түрлері логистика, яғни тауар тасымалдау қиындап кеткендіктен тапшы болып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.