Бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады

213
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Осыған сәйкес, қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларларының бағасын тұрақтандыру бойынша кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне тауарларға бағаны негізсіз өсірген жағдайда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4 бабына сәйкес жауапкершілік қаралатындығы айтылып, ескертпе хаттар таратылды.
Айта кету керек, бөлшек саудадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының шекті мәнінен 15 пайыздан асырмау жөнінде сала мамандарымен күнделікті мемлекеттік бақылау жасалынады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіргендігі жөнінде тұрғындар тарапынан дәлелдеме құжаттарымен бірге шағым түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган арқылы тексеру жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу үшін тұрақтандыру қорынан «айналым схемасы» арқылы келісім жасалуда. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында 671 тонна өнім бар. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.