Аманқарағай орманындағы өрттен кейін құстардың бұл мекенге қайта келуі екіталай

345

Қостанай облысындағы өрт ормандағы тіршілік иелеріне де аса үлкен залалын тигізді. Аманқарағай орманында 158 түрлі құс мекендеген, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.



Қазақстан биоалуандылықты сақтау қауымдастығының қызметкері Алексей Тимошенконың айтуынша, орманда 158 түрлі құс бар, оның 16-сы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Енді ол қызыл жалын шарпыған орманда өсімдік пен жануарлардың қайта көбеюіне ұзақ уақыт қажет дейді.


"Жануарлардың мекеніне қайта оралып, құстардың ұя салуы үшін орман қалпына келуі керек. Бұл аз уақыт емес. Ағаштар қайта өсуі керек. Ең бастысы, құстардың ұя салу кезеңі өрт болмай тұрып аяқталған. Сондықтан көбі ұшып үлгерді деп ойлаймын. Алайда кеміргіштер, осыған ұқсас жануарлар түтінге тұншығып, орманда қалып қоюы мүмкін", — деді Алексей Тимошенко.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.