Ақтөбеде менеджер банк шотынан 777 млн теңге ұрлаған

207

Ақтөбеде банк менеджері акционерлік қоғамның шотынан 777 млн теңге ұрлаған. Аталған іс бойынша Ақтөбенің №2 сотында қаралған іс аяқталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Банк менеджері алаяқтақ жасағаны үшін айыпталды. Сот кезінде сотталушы кінәсін жартылай мойындады, бірақ шығын көлемімен келіспеді. 

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптама нәтижесімен және қылмыстық істің өзге материалдарымен дәлелденді. 

Прокурор менеджерді 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқаруға тыйым салуды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар екені ескеріліп, сот оның жазасын жеңілдетті. Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жыл бойы банк саласында қандай да бір қызмет атқару құқығынан айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.