Арқан тартыстан Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысатын құрамалар анықталды

2 527

ФОТО: DepositphotosРеспубликалық арқан тартыс федерациясы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арқан тартыстан ерлер мен әйелдер арасында іріктеу жарыстарын бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кеше арқан тартыстан орталық аймақтық іріктеу жарысына Астана қаласы, Алматы, Ұлытау облысының командалары қатысты.


Аталған федерация мәлім еткендей, жарыс ІІ кезеңнен тұрады.


І кезеңде аймақтық іріктеу сындарында, ІІ кезеңде аймақтық жарыстардың жеңімпаздары финалдық сында бақ сынайды.


Орталық аймақтың іріктеу кезеңі 13 ақпан күні Астана қаласындағы № 7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өтті. 


Жарыс нәтижесі:

Ерлер арасында

  • 1-орын — Ұлытау арқарлары командасы
  • Жүлде: 500.000 тг 
  • 2-орын — Барыс -4 командасы Астана қаласы  
  • Жүлде: 300.000 тг 
  • 3- орын — Алматы облысы командасы

Жүлде: 200.000 тг 


Әйелдер арасында

  • 1-орын — Барыс -3 командасы Астана қаласы
  • 500.000 тг
  • 2-орын — Қара қабылан командасы Астана қаласы
  • 300.000 тг
  • 3-орын — Алматы облысы командасы

Жүлде: 200.000 тг


Финалдық тартыс 7 наурыз күні Астана қаласында өтеді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді.