Жиенбаева Арайлым бокс федерациясына жаңа медиа директоры болып тағайындалды
Шымкент бокс федерациясының медиа директоры қызметіне Жиенбаева Арайлым Бақытжанқызы тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Арайлым Жиенбаева әлеуметтік желіде белсенді блогер ретінде танылған. Ол парақшасында негізінен ойын-сауық бағытындағы видеолар түсіріп, түрлі форматтағы контент жариялап келеді.
"Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта да өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында керемет жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз", – делінген хабарламада.
Федерация өкілдері жаңа медиа директорға қызметінде табыс тілеп, алдағы жұмысына сәттілік білдірді.
Қаз
Рус






