Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракетасы атанды
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуымен құттықтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазақстандық теннисшінің чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді
"Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды. Сіздің жетістікке толы жолыңыз – еліміздің жас спортшылары мен дүниенің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін үлгі-өнеге", – делінген құттықтау хатта.
Мемлекет басшысы қазақстандық теннисшінің кортта да, қоғамдық орындарда да, жұртшылықпен қарым-қатынас барысында да байқалатын жоғары мәдениетін айрықша атап өтті. Бұл – сөзсіз Сіздің парасатыңыз бен адами қалпыңыздың айқын көрінісі, деді Тоқаев. Ол Елена Рыбакинаның чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.
Қаз
Рус






