Әбиба Абужақынова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

601
Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Абужақынова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Ә.Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде чилилік Мари Ди Варгас Леймен татамиге шықты.


Белдесу өте тартысты өтіп, қосымша уақытта чилилік дзюдошы үшінші ескерту алып, жеңіс Әбибаға берілді.


Алғашқы белдесулерін сәтті өткізген Әбиба жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунадеге есе жіберген еді.


Осылайша, Ә.Абужақынова қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстан атынан күрескен Отгонцэцэг Галбадрах дүниежүзілік додада жүлдеге қол жеткізген еді.


Әбибаның биылғы жетістіктері өте жақсы. Ол биыл Астанада өткен Азия чемпитонатының күміс медаліне ие болған еді. Сондай-ақ Ұлан-Батырда өткен Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.