"Бөпеміз болғанын қалаймыз" ...

290
Қазақстандық актриса Жәния Джуринская жолдасы екеуі балалы болғысы келетіндерін айтты. Өнер иесі күйеуінің өз жиенімен ойнап жатқан сәтінен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті. Оған қоса, киножұлдыз енесімен қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді.

Жәния Джуринская жолдасының өз жиенімен ойнап жатқан сәтімен Instagram парақшасында бөлісті. 

"Біз де бөпеміз болғанын қалаймыз", - деген жазба қалдырды ол бейнежазбада. 

Желі қолданушыларының бірі актрисадан енесімен арақатынасы қандай екенін де сұрап үлгерді. Джуринская өз кезегінде бұл сауалды күйеуінің анасына жолдады.

 "Қарым-қатынасымыз қандай болушы еді? Бәрі жақсы. Сен менің жанымсың ғой", - деп жауап берді Жәнияның енесі.