Қаржы министрі өмірден өтті

436

Фото: Ақорда прессЕліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Елбасы Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қазасына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянға және Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумге көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. 

Осы қаралы күнде қайғыларыңызға ортақтаса отырып, сіздерге және барша Әмірліктер халқына көңіл айтамын.

Шейх Хамдан өзінің саналы ғұмырын халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Ол Біріккен Араб Әмірліктері құрылған уақыттан бері жауапты лауазымдарды атқарып, мемлекеттің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. 

Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін", – делінген жеделхаттарда. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.