Денсаулық сақтау министрлігіне қосымша құзырет берілмек

1 938

Денсаулық сақтау министрлігіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі негізінде қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне қаражат бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту құзыреті берілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" агенттігі.


Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылды.


Жаңа өзгеріске сай, енді Денсаулық сақтау министрлігінің функциясына мыналар енеді:


- парамедиктердің медициналық көмек көрсету ережелерін анықтау;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтер және қаражат көлемдерін бөлу әдістемесін әзірлейді және бекіту;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің қызметінің индикаторларын есептеу және рейтингтік бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Түсіндермеде жазылғандай, ведомствоға қосымша құзырет беру МӘМС жүйесін ашық жүргізуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде ресурстық база көрсеткіштерін бағалау индикаторлары, медициналық ұйымның менеджмент деңгейі және медициналық көмек көрсету сапасы негізінде есептелген денсаулық сақтау субъектілерінің рейтингтік бағасын ескере отырып, медициналық көмек көлемдерін автоматтандырылған бөлуді енгізу ұсынылады. Бұл денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер көлемін орналастыру жөніндегі комиссиялардың медициналық көмек көлемдерін бөлу процесін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге МӘМС жүйесінде ашық, жүйеленген, стандартталған тәсілдермен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірме берілген қаулыға.


Құжат 30 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.