Медицина сапасына қатысты әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында тұр
471
Денсаулық сақтау жүйесінің сапасына қатысты рейтингте еліміз әлемнің 95 елінің ішінде 58-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның әлемдік рейтингтегі индексі – 59,99.
Индекс жоғары болған сайын денсаулық сақтау жүйесі де жақсы деген сөз.
Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі сапасының индексі медициалық қызметкерлерді, құрал-жаддықтарды, қызмет құнын және басқа да жайттарды бағалау арқылы түзіледі.
Рейтингке сәйкес, Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі ең үздік саналады.
Ең нашар көрсеткіш Венесуэлада тіркелген. Ал рейтингке қатысатын ТМД елдері арасында Қазақстанның денсаулық жүйесі үздік деп танылған. Бізге қарағанда Ресей, Украина, және Әзербайжанның көрсеткіші төмен.
Осы жылдың ақпанында елімізде амбуаторлық қызметтердің бағасы 1 айда 1,8 пайызға, ал 1 жылда 6,4 пайызға қымбаттады.
Айлық динамикада дәрігер-мамандардың қызметі 6,1 пайызға, дәрігерлердің алғаш қабылдауы 2,1 пайызға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4 пайызға, тіс дәрігерлерінің қызметі 0,6 пайызға өсті.
2020 жылы елімізде барлық мамандық дәрігерлерінің (тіс дәрігерлерін қоспағанда) саны – 76,4 мың.
Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 3,2 пайызға көп. Әрбір 100 мың тұрғынға 405 дәрігерден келеді.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Қарағанды облысы дәрігерлермен біршама жоғары деңгейде қамтылған.
Ал Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында дәрігер жетіспеушілігі анық байқалады.
Еліміздің әрбір 100 мың тұрғынға 14 провизордан, 21 фармацевтен, 323 дәрігер-маманнан және 10 тіс дәрігерінен келеді.