Тоқаев Путинге қоңырау шалды: Тараптар не туралы келісті?
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен іс-шаралар жоспарын қарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамы ел мен азаматтардың игілігі жолында жемісті қызмет атқаруына тілектестік білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады.
Қаз
Рус






