Қазақстанның бітімгершілік қызметі: қосымша үлестер мен миссия ауқымын кеңейту
473
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1639118553_sammit.jpg)
Іс-шара шеңберінде БҰҰ-ның бітімгершілік қызметін одан әрі дамыту жолдары зерделеніп, 2018 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысы «Бейбітшілікті қолдаудағы іс-әрекеттер» жөніндегі ұсыныстардың іске асырылуы қорытындыланды.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов конференцияға қатысушыларды Қазақстанның бейбітшілікті қолдауда атқарып жүрген қызметі туралы хабардар етіп, еліміздің бұл ұйымның бітімгершілік операцияларына белсенді қатысып жүргенін атап өтті.
– Бітімгерлік әлеуетін дайындау құрылымы жүйесіндегі операцияларға заманауи қажеттіліктерге жауап беретін мамандандырылған бөлімшелер мәлімделеді. Бұл әскери-далалық госпиталь, әскери полиция жасағы, инженерлік-саперлік және барлау бөлімшелері, – деп атап өтті өз сөзінде генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.
![](/uploads/posts/2021-12/medium/1639118494_kaz.jpg)
2007 жылдан бастап БҰҰ-ның Непал, Батыс Сахара, Кот-д' Ивуар және Ливандағы миссияларына 500-ден астам қазақстандық әскери қызметші қатысты. Одан бөлек, 1992-2001 жылдар аралығында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан 9 000-нан астам әскери қызметші Тәжік-Ауған жеріндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі міндетті орындады. 2003 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін қазақстандық «Қазбат» бітімгерлік батальоны инженерлік-саперлік жасағының құрамында 300-ден астам әскери қызметші Иракта миссия атқарды.