Президент Жетісу облысы жұртшылығымен кездесті
471
Мемлекет басшысы Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өлкенің өзіне ерекше ыстық екенін атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бұрынғы Алматы облысының жер көлемі тіпті үлкен болғанын, жергілікті басқару ісін жетілдіру үшін облысты екіге бөлу туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, бұл – мұқият ойластырылып жасалған қадам және тұрғындар үшін қолайлы екені анық. Қазір Жетісудың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыруға бюджеттен қаржы бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл шешім аймаққа инвестиция тартуға, инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Жетісу өңірінің дамуына тың серпін беретін кейбір мәселелерге арнайы тоқталды. Ең алдымен, ауыл шаруашылығын дамытуды және азық-түлік өнімдерін өндіруді бірінші мәселе ретінде атады. Оның айтуынша, табиғаты жайлы, жері құнарлы Жетісу өлкесінің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте зор.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісудың ауыл шаруашылығындағы басым бағыттың бірі – қант қызылшасы екеніне тоқталып, еліміздегі 4 қант зауытының екеуі осы жерде орналасқанын атап өтті. Алайда шикізаттың жоқтығынан оның біреуі жұмыс істемей тұр.
Мемлекет басшысы бос тұрған зауытты тезірек толық іске қосуды, қажет болса, басқа инвесторлар тартуды қарастыру керек екеніне назар аударды. Сонымен қатар облыстағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізіп, 2026 жылға қарай өндірілетін қант көлемін 180 мың тоннаға арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ облыстың көкөніс пен бау-бақша өсіру ісінде зор әлеуеті бар екенін, осы орайда, заманауи қоймалар салу мәселесін шешу қажет екенін атап өтті.
Бұдан кейін Президент өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау салаларына тоқталды. Өңірдегі өнеркәсіп саласының өсу динамикасын оң бағалап, жыл басынан бері 23 нысан пайдалануға берілгенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін өңдеу өнеркәсібіне жаңа инвесторларды белсендірек тарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар өңірдегі аккумулятор зауыты перспективасы зор іргелі кәсіпорынның бірі екенін айтты.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жарлығымен өңірдің бірқатар азаматын мемлекеттік наградамен марапаттады. «Жетісу» әуе компаниясының президенті Дөңсебаев Қалмұхамет пен еңбек ардагері Мажай Әуесхан «Парасат» орденімен, Еңбек ардагері Әрінов Әміре «Құрмет» орденімен, «Жазылбеков және К» шаруашылық қожалығының шопаны Бекчойнов Ардақ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі «Есімжанов» шаруашылық қожалығының төрағасы Есімжанов Мұхитқа, «Шапағат» медалі Безродных атындағы орта мектептің мұғалімі Минченко Светланаға табыс етілді.

"Бүгінде Жетісу облысы бойынша 100 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер анықталды. Жер – халықтың байлығы. Ол барлық азаматтың игілігіне жарауы керек. Әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы қажет. Облыстың суармалы жерлерді игеруге зор мүмкіндігі бар. Бүгінде аймақтағы жер суаратын желілердің 70 пайызы тозып тұр. Оның бәрін жаңғыртып, қалыпқа келтіру керек. Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарында суармалы жердің көлемін 18 мың гектарға ұлғайтуға болады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі облыс әкімдігімен бірлесіп, осыған орай нақты шаралар қабылдасын", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісудың ауыл шаруашылығындағы басым бағыттың бірі – қант қызылшасы екеніне тоқталып, еліміздегі 4 қант зауытының екеуі осы жерде орналасқанын атап өтті. Алайда шикізаттың жоқтығынан оның біреуі жұмыс істемей тұр.
"Қант қызылшасын өсіретін алқаптар азайып кетті. Соның кесірінен импортқа тәуелділік арта түсті. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап жергілікті бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды. Биыл жазда қант бірден қымбаттап, оның тапшылығы туындады. Оның бәрі құзырлы органдардың салғырттығы мен бейқамдығының кесірінен болды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы бос тұрған зауытты тезірек толық іске қосуды, қажет болса, басқа инвесторлар тартуды қарастыру керек екеніне назар аударды. Сонымен қатар облыстағы екі қант зауытының қуатын 100 пайызға жеткізіп, 2026 жылға қарай өндірілетін қант көлемін 180 мың тоннаға арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ облыстың көкөніс пен бау-бақша өсіру ісінде зор әлеуеті бар екенін, осы орайда, заманауи қоймалар салу мәселесін шешу қажет екенін атап өтті.
Бұдан кейін Президент өнеркәсіпті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау салаларына тоқталды. Өңірдегі өнеркәсіп саласының өсу динамикасын оң бағалап, жыл басынан бері 23 нысан пайдалануға берілгенін айтты.
"Бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған жоғары сапалы кремний өндіретін Kazsilicon зауытының жаңғыртылып, іске қосылуын және темірді тікелей тотықсыздандыратын «Электромарганец» зауытының құрылысын ерекше атап өткім келеді. Екеуі де еліміз үшін – маңызды кәсіпорын. Олар металлургия саласындағы озық технологияларды әзірлеу және тарату алаңына айналуы керек. Сондай-ақ облыста 2026 жылға дейінгі инвестициялық портфель жасалған. Онда 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 162 жоба қамтылған. Жоспардан үлкен үміт күтеміз. Енді жобалардың жүзеге асырылуы қалай болатынын көреміз", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін өңдеу өнеркәсібіне жаңа инвесторларды белсендірек тарту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар өңірдегі аккумулятор зауыты перспективасы зор іргелі кәсіпорынның бірі екенін айтты.
"Осы кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі шикізаттың көлемі мен оның тұрақты жеткізілуіне тікелей байланысты. Сондай-ақ өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорындарды қажетті көлемде шикізатпен қамтамасыз ету үшін елден қорғасын сынықтарын шығаруға толық тыйым салу қажет", – деді Президент.