Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр #RES2026

1 505

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты қаралды. Жиын барысында инклюзивті саясатты іске асыру барысы, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар және 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейі талқыланды.

Мәжілісте алдымен инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ортаны қалыптастыру, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту қажеттігі айтылды. Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстар тек әлеуметтік салаға ғана емес, барлық мекемелердің ортақ міндеті екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де кеңінен қаралды. Шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және ауылдық жерлерде кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы айтылды. Аудан әкімі кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Мәжіліс барысында 2026 жылдың алғашқы үш айындағы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша ауданның оң динамика көрсетіп отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 24,6 пайызға артып, жалпы 8 355,0 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш өңір экономикасының тұрақты дамуын және өндірістік әлеуеттің артып келе жатқанын көрсетеді.

Жиында сондай-ақ ауылдық округтер мен кент әкімдерінің есептері тыңдалып, жергілікті деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлардың орындалуын жүйелі бақылау, көрсеткіштердің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және жоспардан ауытқуға жол бермеу қажеттігі қатаң ескертілді.

Аудан әкімі барлық жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, әрбір көрсеткіштің орындалуын жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Ол мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және экономикалық өсімнің тұрақтылығы жергілікті биліктің басты басымдығы екенін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша қаралған барлық мәселелерге қатысты хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны ескертілді.