Қызылорда жыл басынан бері 7 мың жаяу жүргінші жауапқа тартылды

2 509

Фото: Polisia.kz Жыл басынан бері Қызылорда облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған 7 мыңға жуық жаяу жүргінші анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Олардың заңға қайшы әрекеті облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына іліккен.

— Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтарға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, яғни жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімдеді. Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы жол апатына әсер ететін бірден-бір фактор ретінде атап отыр. Азаматтардың арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолдың кез келген жерінен кесіп өтуі өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушы өзгелерге де қауіп төндіреді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.