ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАНДАЙ?
4 263
Қызылорда қаласындағы қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың интернат-үйіндегі жағдайы жайында ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде қоғамымыздағы «тастанды сәби» мен «тастанды қарт» сынды сөздерге санамыз үйрене бастағандай... Біз ат басын бұрған аймағымыздағы "№1 Қызылорда арнаулы әдеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, яғни қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде 160-қа жуық қараусыз қалған қария қамсыз қарттықты өткеріп жатыр.
Қарттар үйіне кірген кезде жүрегіміз сыздап қоя бергені рас. Тағдырдың тәлкегімен қарттық шағын осындай мекемеге байлап отырған ақсақалды қарияларымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің халі аянышты екендігі ащы шындық. Бұған кім кінәлі? Ол аздық еткендей әлеуметтік желіде Нәзия Жоямергенқызы өзінің Facebook парақшасында «ҚАРИЯЛАР ҚАНДАЙ КҮЙДЕ?
1990 жылы іргетасы қаланып, пайдалануға берілген Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Тағдырдың тауқыметімен жалғыз қалған қарттар бүгінде мемлекет қамқорлығын сезініп келеді. Ардагерлер мен мүгедектігі бар жандарға арналған орталық заман талабына сай жаңғыртудан өтіп, барлық жағдай жасалғандығына көз жеткіздік.
Алайда, мекемедегі қарттарымыз үйімізден көрмеген жылулық пен қамқорлықты мемлекеттен көріп жатырғандығын жасырмады. Тіпті мереке қарсаңында дәмді астар дайындалып, ішінара концерттік бағдарламалар да болатындығын жеткізді. Қарттар күні қарсаңында Облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы мерекемен құттықтай келе қуанышты жаңалығын жеткізген.
Алайда аталмыш автобустың қарасы әлі күнге дейін бой көрсетпегені тағы бар. Ал, Қарттар үйіне қатысты қозғалатын тақырыптардың бірі зейнетақының ұсталуы. Яғни, қариялардың ай сайынғы зейнетақысының 70%-ын мемлекет ұстайды. Бұл ереже 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылып келеді екен.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес адамдардың және қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде (күн көріс шегінен төмен емес, яғни мүгедектігі бар адамдар-37 389 теңге, жасына байланысты зейнеткерлер-48 032 теңге) жеке банктік шотына, қалғаны қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына 70 % көлемінде түседі.
Расында бізге жеткен дерек көзі бойынша, орталықта өзіне қол салған жанның бар екендігі көрсетілген болатын. Алайда, орталық басшысы мен қазыналы қарттарымыз ондай жағдайдың орын алмағандығын алға тартты.
Орталық қызмет алушыларына стандарт бағыттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, күнделікті дәрігерлердің бақылауында болатындығы да белгілі болды. Десек те, сырт сұлбасы сыр бермеген орталық басшысы:
Айта кету керек, қарттарымыздың арасында қолөнерімен айналысып, ән жазып, шығармашылықпен айналысатын жандар да бар. Тіпті тоқыма тоқым кестелеп сәнді бұйымдар жасаушылар да жетерлік.
Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандардың жанарлары жылулықты қажет ететіндей-ақ. Үкіметтің берген қамқорлығы перзентінің жылы сөзін өтей алмайтындығы хақ.

Қызылорда қаласындағы Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың интернат-үйіндегі жағдай сорақы дейді. Зейнетақыларының 70 пайызы сонда аударылады екен. Бірақ төсекке таңылып, жаралары іріңдеп, қараусыз жатқандар көп дейді,- деген жазба жарияланғаннан кейін арнайы ат басын бұрып барған болатынбыз.
1990 жылы іргетасы қаланып, пайдалануға берілген Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат үйіне 2014 жылы күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Тағдырдың тауқыметімен жалғыз қалған қарттар бүгінде мемлекет қамқорлығын сезініп келеді. Ардагерлер мен мүгедектігі бар жандарға арналған орталық заман талабына сай жаңғыртудан өтіп, барлық жағдай жасалғандығына көз жеткіздік.
Алайда, мекемедегі қарттарымыз үйімізден көрмеген жылулық пен қамқорлықты мемлекеттен көріп жатырғандығын жасырмады. Тіпті мереке қарсаңында дәмді астар дайындалып, ішінара концерттік бағдарламалар да болатындығын жеткізді. Қарттар күні қарсаңында Облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлы мерекемен құттықтай келе қуанышты жаңалығын жеткізген.
Биыл облыс бюджетінен 21 миллион теңге бөлініп, орталыққа жақын күндері шағын автобус сыйға беріледі. Енді ардагерлерге еліміздің мәдени, тарихи орындарына саяхатқа шығуына мүмкіндік туады.,- деп арнайы атап өткен болатын.
Алайда аталмыш автобустың қарасы әлі күнге дейін бой көрсетпегені тағы бар. Ал, Қарттар үйіне қатысты қозғалатын тақырыптардың бірі зейнетақының ұсталуы. Яғни, қариялардың ай сайынғы зейнетақысының 70%-ын мемлекет ұстайды. Бұл ереже 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылып келеді екен.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес адамдардың және қамқорлықтағылардың ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде (күн көріс шегінен төмен емес, яғни мүгедектігі бар адамдар-37 389 теңге, жасына байланысты зейнеткерлер-48 032 теңге) жеке банктік шотына, қалғаны қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына 70 % көлемінде түседі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" заңымен бекітілген,- деді Лариса Тынысқызы.
Расында бізге жеткен дерек көзі бойынша, орталықта өзіне қол салған жанның бар екендігі көрсетілген болатын. Алайда, орталық басшысы мен қазыналы қарттарымыз ондай жағдайдың орын алмағандығын алға тартты.
Орталық қызмет алушыларына стандарт бағыттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп, күнделікті дәрігерлердің бақылауында болатындығы да белгілі болды. Десек те, сырт сұлбасы сыр бермеген орталық басшысы:
Бүгінде бекітілген норматив бойынша жөргектегі қарттарымызға 2 дана бекітілген және 1 жөргек қосымша беріледі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек тарапына келер болсақ, заңнамаға сәйкес әрбір жанға дәрігер нұсқаулығында көрсетілген дәрі-дәрмектер мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жүзеге асады. Ал, зейнетақы тарапынан ұсталған 70%- ға киім-кешектер мен дәрі-дәрмектер алынады,-деді.