Жаңаөзендегі жұмыссыз адамдар әкімдік ғимаратының алдында аштық жариялауда

144

Жаңаөзендегі қалалық әкімшілік ғимаратының алдына бір топ жұмыссыз адам жиналып, жұмыс тауып беруді талап етуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Лада порталына сілтеме жасап. 



15-ке жуық жұмыссыз тұрғын 3 мамырда әкімдік маңына жиналды. Олардың сұрап, қойған талабы жұмысқа орналастыру. 


"Жұмыспен қамту мәселесіне әлі де көмектесе алмағандықтан, біз осы жерде қалып, аштық жариялауды көздеп отырмыз", - деді жиналғандар.


Естеріңізде болса, бұған дейін Астанада наразылыққа шыққан жаңаөзендік мұнайшылар қалаға оралып, “Өзенмұнайгаз” кеңсесі алдынан талаптары орындалғанша кетпейтінін мәлімдеген болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.