Жұмыста жоқ адамға жалақы төлеген басшы сотталды

1 348

dzen.ruАнтикор іс жүзінде жұмыс істемеген, бірақ, мекемеден жалақы алып отырған тағы бір адам туралы ақпаратты анықтап, оны құжат бойынша жұмысқа алған басшыны соттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің» басшысы Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері Әбдукаримоваға қатысты үкім шығарды. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін адамға жалақы төлеп, бюджеттің 3,4 млн теңге ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп хабарлайды Антикор.

Сот оларды мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.