13 жастағы қызды соққыға жықты

1 513

Фото: Ru.freepik.comАлматылық блогер Threads желісінде мұз айдынында бейтаныс әйелдің 13 жастағы қыз баланы соққыға жыққанын жазған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Almaty Arena маңындағы мұз айдынында болған. Кезек күтіп тұрғанда болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Бірден 102-ге қоңырау шалып, әйелді алып кеткен.

“Бірақ білесіз бе, ең өкініштісі не? Зардап шеккен қыз ата-анасына айтпауымды өтінді. Себебі олар өздеріне ұрысып, жазалайды ма деп қорқады. Бұл қалай болғаны? Менің көз алдымда әлгі әйел кезекке баса-көктеп кірді. Сөйтіп кезекте тұрған қыздың кофесін үстіне төгіп алды. Әйел қыздың бетінен ұрып жіберді кейін жерге жығып, тепкілей бастады. Күйеуі әрең ажыратып алды. Ол әйелді Құдайға тапсырдық дейік, бірақ қыз бала өз құқығы барын, қорғауға құқылы екенін білмей ме”, – деп жазды блогер.

Оқиғаға Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.

“Күдікті мән-жайды анықтау үшін аумақтық полиция басқармасына жеткізілді. Оған заңнамасына сәйкес шаралар қолданылды”, — деп хабарлады ведомство.