12 жыл бойы тәулігіне жарты сағат ұйықтап жүрген азамат
336
Жапонияда 36 жастағы Дайсуке Хоридің тәулігіне жарты сағаттан артық ұйықтамай жүргеніне 12 жылдың жүзі болған -деп хабарлайды"Opennews.kz" ақпарат агенттігі odditycentral.com сайтына сілтеме жасап.
12 жыл бойы тәулігіне жарты сағаттан ғана ұйықтап жүрген азамат барлық тіршілікке уақыт тауып жүрмін - дейді. Дайсуке мұндай нәтижеге біртіндеп жеткенін, ұйқысын біртіндеп қысқартудың арқасында бүгінде қалаған шаруасына уақыт табатынын алға тартты.
Ол, тіпті ұйқыны қысқартудың арнайы курстарын ашып, "Аз ұйықтайтындар қауымдастығын" құрып, өзгелерді ұйқысын қысқартуға үйретіп жүр.
Жергілікті телеарналардың бірі реалити-шоуда ер адамның расымен жарты сағат қана ұйықтайтынын тексеріп, оны үш тәулік бойы аңдыған. Нәтижесінде ер адамның кофеге әуестеніп алғанын анықтап, мүлде аз ұйықтайтынына көз жеткізген.