"Мен енді зейнеткермін". Нұрсұлтан Назарбаев халыққа видеоүндеу жолдады

428

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылы алғаш рет ел алдына шығып, видеоүндеу жолдады,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Елбасы соңғы қайғылы жағдайларға байланысты халыққа көңіл айтып, видеоүндеу жолдады.

Мен 2019 жылы президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Содан бері зейнеткермін. Қазіргі кезде елордада демалыстамын, ешқайда кетпедім. Ел элитасының арасында ешқандай жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ,— деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев егемендіктің отыз жылында жеткен жетістіктерімізге қысқаша тоқталып өтті.

Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды,— деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.