Айгүл Орынбек мектепте орамал тағуға рұқсат бергісі келген министрге қарсы шықты

413

Заңгер Айгүл Орынбек білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетовтың сөзіне қарсы шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

«Дамыған елдер ғылымға, өркениетке ұмтылса, біз — шүберектен әріге аса алмай отырмыз! «Балаларға кәмелет жасына жетпей  ата-анасы өз наным-сенімдерін тықпалап, мәжбүрлеуге болмайды»,- деген заңды енгізу керек! Әр бала кәмелет жасқа толғанда бұл мәселені өзі шешуі керек! Асхат Аймағанбетов мырза, балалардың киімімен емес, ең алдымен білімімен айналысқаныңыз жөн! Қолыңыздан келмей ме?! Отставкіге кете салыңыз!»,- деді Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына кимешек киюге рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.