АЛМАТЫДА КАРДИОЛОГТАР ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР ПАЦИЕНТТЕРДЕ КЕНЕТТЕН БОЛАТЫН ӨЛІМНІҢ АЛДЫН АЛУДЫ ҮЙРЕНДІ

2 222

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіАлматыда кардиологтар жүрек жеткіліксіздігі бар ппциенттерде кенеттен болатын өлімнің алдын алуды үйренді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Вроцлав медицина университетінің (Польша) аритмология саласындағы дүние жүзінде танылған маман, профессор Яцек Гаектің қатысуымен мастер-класс өтті.

Оның барысында төрт пациентке операция жасалды. Олардың екеуі толық атриовентрикулярлық блокадасы бар 29 және 42 жастағылар. Бұл аурудың дамыған ағымы кенеттен болатын жүрек өліміне әкелуі мүмкін. Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрімен және кеуде сколиозымен ауыратын тағы бір пациент.

Мастер-класс барысында мамандар жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кардиоресинхронизацияға қол жеткізу үшін Гис шоғының сол аяғын ынталандыруды қолдануда қажетті дағдылар мен әдістер пысықтады. Сондай-ақ, электродтардың осы конфигурациясы бар құрылғылардың егжей-тегжейлері, күрделі клиникалық жағдайлары және бағдарламалау ерекшеліктері талқыланады.

Кардиостимуляцияның инновациялық әдісі жүректің өткізгіш жүйесінің әртүрлі аймақтарына тұрақты ынталандырушы электродтарды имплантаттауға негізделген. Негізгі мақсат - сол жақ қарыншаның жұмысын жақсартуға көмектесетін сол аяқ шоғы арқылы жүректің өткізгіш жүйесін белсендіру арқылы қарыншалардың синхронды жиырылуына қол жеткізу.

«Бұл операция жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиімді. Операция кезінде қауіптер аз, өйткені біз жоғары технологиялық жабдықты қолданамыз. Араласудан кейін адам ілеспе патология болмаған жағдайда келесі күні ауруханадан шығарылуы мүмкін», - деді ҒЗИ басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«Гис шоғының сол аяғын ынталандыру имплантаттауға оңай және тұрақты. Жүректің өткізгіш жүйесіне ынталандырушы электродтарды имплантаттау пациентке жүрек жеткіліксіздігінің дамуын болдырмауға мүмкіндік береді. Әрбір пациент үшін біз шығын материалдарының үлкен спектрін жеке таңдаймыз», - деп атап өтті аритмологиялық қызметтің аға ординаторы Асылхан Парымбеков.

Оның айтуынша, кардиостимулятор тәулік бойы жұмыс істейді және жүрек соғу жиілігі шекті деңгейден төмендеген кезде сұраныс бойынша қосылады. Бұл жүректің қалыпты жұмысына мүмкіндігінше жақын физиологиялық ынталандыруға мүмкіндік береді.