"Белден төмен істемейді": Өнер қырандары актерінің денсаулығы сыр берді
2 562
“Өнер қырандары” әзіл-сықақ театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы сыр берген. Ол туралы театр директоры Мадияр Серікбаев айтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, актердің беліне ота жасалған. Дәрігерлер оған кемінде бірнеше ай тынығып, ауыр қозғалыстан бас тартуға кеңес берген. Алайда Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып, сахнаға қайта оралған.
Мадияр Серікбаев актердің жағдайы кейін қайта нашарлағанын жеткізген.
“Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін”, – деді Мадияр Серікбаев.
Театр өкілі көпшіліктен Меліс Наурызбековтің сауығып кетуіне тілектес болуды сұрады.







