18 жыл әкім болып қызмет еткен Бердібек Сапарбаев 70 жасқа толды
436
Бүгін әкімдік қызметін 18 жыл атқарған Бердібек Сапарбаев 70 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бердiбек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолын 16 жасында "Задарьинский" кеңшарында қатардағы жұмысшы болып бастаған.
Бес рет облыс әкімі, екі рет министр болған
Бердібек Сапарбаев 1995-2022 жылдар аралығында еліміздің бес облысына әкім болған. Бұл жағынан ол рекорд иесі. Жалпы министрліктегі қызметтерін есептегемегенде тек 18 жыл әкім ретінде қызмет еткен.
Ол екі рет Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, екі рет премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Әр жылдары министрлер кабинеті аппаратының жетекшісі, кедендік бақылау агенттігі төрағасы, қаржы министрінің орынбасары болған.
“Келіп тексеремін”: Қазақ тілінің жанашыры бола білген әкім
Ал Ақтөбе облысының әкімі болып тұрған кезінде өңірдегі қытайлық компания басшылары мен жұмысшыларын қазақ тілін құрметтеп, мемлекеттік тілді үйренуге шақырған болатын. Бұл жағдай облыс әкімі мен аймақтық кәсіподақ бірлестігінің қатысуымен өткен "Ұлы Қабырға" ЖШС Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы басшысының ұжым алдында есеп беру жиыны кезінде орын алды.
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев өмір сүретін, жұмыс істейтін елді сыйлау керектігін баса айтқан еді. Сондай-ақ еліміздің заңдарын орындауың қажеттігін түсіндірген еді.
Жамбыл облысының әкімі болып жүрген кезде де қытайлық мердігерлермен аудармашының көмегімен сөйлескен Сапарбаев Қазақстан заңдарын қатаң сақтауды талап етті. Ол қытайлық кәсіпорындардың жалақысы төмен екенін баса айтып, олардың мөлшерін жыл сайын кем дегенде 10 пайызға өсіруді талап етті.
Түркістанның 1500 жылдығын атап өтті
2000 жылы сол кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ретінде Бердібек Машбекұлы ЮНЕСКО көлемінде мойындалған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде, екі президенттің және басқа мәртебелі шетелдік қонақтардың қатысуымен, жоғары дәрежеде атап өтілуіне ерекше еңбек сіңірді.
Халықаралық "Парыз" қоры құрылып, қомақты қаржы жинақталған. Театр салынып, тарихи жәдігерлер жаңғыртылып, музей мен жаңа алаң ашылған. Кесене аумағы абаттандырылып, көшелер кеңейтілген. Темір жолдан кедергісіз өтуге аспалы көпірлер салынған. Отандық және шетелдік кәсіпкерлердің қаржысына кесене жаңғыртылған. 20-дан астам нысан салынып, қала мерейтойға дайындалған. Нәтижесінде бұл мерейтой көне Түркістанның қайта түлеуіне, киелі шаһардың тарихи орны мен рөлін дәріптеуге үлкен ықпал етті.
Шығыста тасқыннан зардап шеккендерге жаңа үй
Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тұрғанда су тасқыны орын алды. Өңірдің Тарбағатай ауданындағы тасқыннан зардап шеккен Көкжыра және Жантыкей ауылдарына дереу жаңа үйлер салуды тапсырып, құрылыстың басталуына өзі қатысқан. Оған қоса компанияларға құрылыс барысында жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттеген. Жалпы аталған ауданда барлығы 400-ден астам жаңа үй салынып, су тасқынынан үйлері қираған отбасыларға берілген.
Ақтөбедегі қауіп-қатерді сейілтті
2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде болған теракті кезінде Сапарбаев қауіп-қатермен бетпе-бет келді, жағдайды тұрақтандырды. Нәтижесінде облыста ішкі көші-қон мәселесін бақылау жақсартылды, халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Осыдан кейін алдын алу шаралары мақсатында облыс әкімінің бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылған еді.
Айта кету керек, 2019 жылы ол өңірдің басшысы қызметінен кеткенде халық оны көзіне жас алып шығарып салды.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жеңілдетті, оның заңды берілуіне назар аударды
Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған тұста атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алуға жол бермей, шын мәнінде мұқтаж азаматтардың алуы қажет екендігін ескерткен еді. Ал оны тағайындау үшін құшақ құжат жинамай, бір ғана жеке куәлік арқылы көмек алуды тағайындауға қол жеткізді.
Сонымен қатар, еңбекке жарамды азаматтар қол қусырып отырмай, адал қызмет етуге шақырды.
Қордайда тыныштық орната білді
Бердібек Машбекұлы Жамбыл облысына әкім болып барысымен пайдалы жұмыс істеді. Біріншіден, ол Қордай ауданында болған төңкерістен кейін өңірдегі қалыпты өмірді қалпына келтіре алды. Бүгінде ауылдарда бейбітшілік пен келісім орнап, арандатушылар тынышталды.
Әкімнің тағы бір еңбегі – өңірдің экономикасы. Әкім облысты экономикалық индексте көшбасшы орынға шығара алды. Қарапайым тілмен айтқанда, аймақ өнеркәсіп, кәсіпкерлік және қызмет көрсету тұрғысынан жақсы дамыды.
Сапарбаев сол кездері өзінің отставкаға кетуі туралы қауесеттердің таралғанына қарамастан, өз міндеттерін толық, адал атқаруын жалғастырды. Мәселен, өзінің төрағалығымен өткен кеңесте Жамбыл шаруаларын суармалы су тапшылығы мәселесімен айналысуға шақырды. Сондай-ақ аймақ басшысы ылғалдың жетіспеушілігін жою үшін облыстың барлық аудандарын аралады.
“Халықпен қоштасарда көзіне жас алды”
Жамбыл облысы әкімі қызметінен кеткеннен кейін Бердібек Сапарбаевты шығарып салуға Тараз әуежайына біраз жұрт жиналды. Ұшаққа мінер алдында көпшілікке алғысын айтқан Бердібек Сапарбаев көзіне жас алды.
Бердібек Сапарбаев жамбылдықтармен қоштасу кезінде бұл өңір ерекше есте қалатынын да айтты. Тұңғыш ұлы осыдан 20 жыл бұрын Тараз өңірінде жол апатына түсіп, қаза тапқанын да еске алды. Экс-әкімнің марқұм ұлы Бауыржан Сапарбаевқа қаза тапқан жерінде белгі орнатылған.
Қоштасу сөзінде Бердібек Сапарбаев әулиеаталықтардың көрсеткен көңілі мен ниетіне алғысын білдірді. Сондай-ақ өз тағдырында мұндай жағдай болады деп ойламағанын айтқан еді.

Қазақстан Республикасының заңдары мүлтіксіз, оның ішінде "Тіл туралы заң" сақталуға тиіс. Біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Барлық маңдайшалар дәл қазақ тілінде, оның ішінде кіре берісте орналасқан компания атауы болуы тиіс. Вахталық сапар кезінде мұны байқадым. Мен мұнда тағы да келіп, тапсырманың қалай орындалғанын тексеремін, – деген еді Сапарбаев.
Түркістанның 1500 жылдығын атап өтті
2000 жылы сол кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ретінде Бердібек Машбекұлы ЮНЕСКО көлемінде мойындалған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде, екі президенттің және басқа мәртебелі шетелдік қонақтардың қатысуымен, жоғары дәрежеде атап өтілуіне ерекше еңбек сіңірді.
Халықаралық "Парыз" қоры құрылып, қомақты қаржы жинақталған. Театр салынып, тарихи жәдігерлер жаңғыртылып, музей мен жаңа алаң ашылған. Кесене аумағы абаттандырылып, көшелер кеңейтілген. Темір жолдан кедергісіз өтуге аспалы көпірлер салынған. Отандық және шетелдік кәсіпкерлердің қаржысына кесене жаңғыртылған. 20-дан астам нысан салынып, қала мерейтойға дайындалған. Нәтижесінде бұл мерейтой көне Түркістанның қайта түлеуіне, киелі шаһардың тарихи орны мен рөлін дәріптеуге үлкен ықпал етті.
Шығыста тасқыннан зардап шеккендерге жаңа үй
Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тұрғанда су тасқыны орын алды. Өңірдің Тарбағатай ауданындағы тасқыннан зардап шеккен Көкжыра және Жантыкей ауылдарына дереу жаңа үйлер салуды тапсырып, құрылыстың басталуына өзі қатысқан. Оған қоса компанияларға құрылыс барысында жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттеген. Жалпы аталған ауданда барлығы 400-ден астам жаңа үй салынып, су тасқынынан үйлері қираған отбасыларға берілген.
Ақтөбедегі қауіп-қатерді сейілтті
2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде болған теракті кезінде Сапарбаев қауіп-қатермен бетпе-бет келді, жағдайды тұрақтандырды. Нәтижесінде облыста ішкі көші-қон мәселесін бақылау жақсартылды, халыққа түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
"2011 жылы болған оқиға бізге сабақ болған жоқ. Сол кезде шара қолданылғанда мұндай жағдай қайталанбас еді", - деген еді Сапарбаев.
Осыдан кейін алдын алу шаралары мақсатында облыс әкімінің бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылған еді.
Айта кету керек, 2019 жылы ол өңірдің басшысы қызметінен кеткенде халық оны көзіне жас алып шығарып салды.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды жеңілдетті, оның заңды берілуіне назар аударды
Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған тұста атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алуға жол бермей, шын мәнінде мұқтаж азаматтардың алуы қажет екендігін ескерткен еді. Ал оны тағайындау үшін құшақ құжат жинамай, бір ғана жеке куәлік арқылы көмек алуды тағайындауға қол жеткізді.
Сонымен қатар, еңбекке жарамды азаматтар қол қусырып отырмай, адал қызмет етуге шақырды.
Біздің қазақстандықтар ұмытпауы керек. Оның атауы — атаулы әлеуметтік көмек. Яғни ол жалақы емес, ай сайын міндетті түрде беріліп тұратын. Ол әрбір отбасының табысына қарай берілуі керек. Екіншіден, бұл уақытша сол отбасының өзінің кәсібін ашу үшін. Ертең өзінің отбасын асырау үшін беріледі деп. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз — сол АӘК алушыларды оқыту, жұмысқа орналастыру, мамандық беру, - деген еді Бердібек Сапарбаев.